«Мен таныған Қазақстан»: факультетіміздегі қытай студенттері Қазақстан туралы ойларымен бөлістіFarabi University

«Мен таныған Қазақстан»: факультетіміздегі қытай студенттері Қазақстан туралы ойларымен бөлісті

18 ақпан, 2026

     Қытайтану апталығының үшінші күні факультетімізде өтіп жатқан қытай студенттердің қызықты әңгімесімен жалғасты. «我眼中的哈萨克斯坦 - Мен таныған Қазақстан» деп аталатын іс-шарада қытай студенттер өздерінің біздің еліміз туралы ойларымен бөлісті. 
    Олар Қазақстанға қалай келгендерін, неге Әл-Фараби университетін таңдағандарын, алғашқы алған әсерлерін қызықты қылып жергілікті студенттер мен оқытушыларға айтып берді. Қазақстандық студенттер олардан біздің қоғамға алғаш келгенде не ұнады, не ұнамады, не таңқалдырды, не нәрсе ойландырды деген сияқты сұрақтар қою арқылы кездесуді қыздыра түсті. Қытай студенттер Қазақстан мен Қытайдың оқу жүйесінде қандай айырмашылықтары бар екеніне және оған қалай ертерек бейімделіп кеткендеріне тоқталды. 
     Осындай іс-шаралар екі ел студенттеріне бір-бірін жақынырақ тануға, тезірек түсінісіп жақсы араласып кетуге үлкен септігін тигізетіні сөзсіз.