«ТДМ 16 – Бейбітшілік, әділеттілік және тиімді институттар аясында қаржылық алаяқтықтың алдын алу»Farabi University
Референдум 15 марта

«ТДМ 16 – Бейбітшілік, әділеттілік және тиімді институттар аясында қаржылық алаяқтықтың алдын алу»

18 ақпан, 2026

Соңғы уақытта бұқаралық ақпарат құралдары мен қоғамда ұйымдасқан қылмыстың түрлі нысандарымен күресудің өзекті мәселесі кеңінен талқылануда. Соның ішінде халықаралық деңгейге дейін жететін алаяқтық схемалардың белсенділігі артып отыр. Себебі алаяқтардың құрбаны әртүрлі жастағы, әлеуметтік мәртебесі мен білім деңгейі әрқилы адамдар болуы мүмкін. Қылмыскерлер көбінесе жазасыз қалып жатады, өйткені олар заманауи ақпараттық технологияларды, соның ішінде жасанды интеллектіні пайдаланады.

2026 жылғы 18 ақпанда Плазма физикасы, нанотехнология және компьютерлік физика кафедрасында Тұрақты даму мақсаты 16 – «Бейбітшілік, әділеттілік және тиімді институттар» аясында студенттердің қатысуымен «Қаржылық алаяқтықтың алдын алу» тақырыбында іс-шара өткізілді.

Семинардың негізгі мақсаты – жастардың қаржылық сауаттылығын арттыру және алаяқтық әрекеттерден қорғану жолдарын түсіндіру болды. Іс-шара еркін диалог форматында ұйымдастырылып, қатысушылар интернет-алаяқтықтың заманауи тәсілдері, жалған инвестициялық ұсыныстар және әлеуметтік желілердегі белсенділіктің тәуекелдері туралы өз тәжірибелерімен бөлісті.

Семинар тақырыбы аудитория тарапынан үлкен қызығушылық тудырды. Қатысушылар алаяқтықтан қорғанудың нақты практикалық кеңестері мен ұсыныстарын алды.

 

Ұйымдастырушылар: ассистент-профессор Габдуллина А.Т., Амренова А.У., аға оқытушы Абдиева Ш.А., PhD-докторант 1 курс 8D01501 НугумановаМ.К.


Электрэнергетикасы 242, 323 топтары