«Жаңа Прогрессивті Конституция – бірлігіміздің тірегі»Farabi University

«Жаңа Прогрессивті Конституция – бірлігіміздің тірегі»

18 ақпан, 2026

«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы және Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының Қоғамдық даму орталығы жастармен кездесу ұйымдастырды.

Іс-шараға Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Заң факультетінің Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі Қанат Алихан қатысып, жаңа Конституция жобасы бойынша баяндама жасады.

«Заң және тәртіп» қағидатын нығайтуға ерекше назар аударылды. Кездесу барысында адам құқықтары мен бостандықтарының басымдығы, заң үстемдігі мен азаматтардың жеке жауапкершілігі әділетті әрі қауіпсіз қоғам құрудың негізі екені атап өтілді.

Белсенді жастар мен сарапшылар конституциялық құндылықтарды іске асырудағы, жаңа ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастырудағы жеке азаматтың рөлі туралы пікір алмасты.