ТДМ 4 «Сапалы білім» аясында: болашақ университетіFarabi University

ТДМ 4 «Сапалы білім» аясында: болашақ университеті

18 ақпан, 2026

2026 жылғы 18 ақпанда онлайн форматта «Баршаға білім: біз болашақ университетті қалай елестетеміз?» тақырыбында іс-шара өтті. Іс-шара БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының 4-мақсаты (ТДМ 4) — «Сапалы білім» аясында ұйымдастырылып, баршаға сапалы білімге тең әрі қолжетімді мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге бағытталды.

Талқылауға Экономика және бизнес жоғары мектебінің 1 курс студенттері, практикалық ағылшын тілі пәнінің оқытушысы, PhD, аға оқытушы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Меркибаев Т. А., сондай-ақ Chongqing Southwest University (ҚХР) студенттері — Бекболатова Диниар мен Айдосқызы Ажар қатысты.Кездесу барысында білімнің қолжетімділігі мен инклюзивтілігі, оқу үдерісін цифрландыру және халықаралық академиялық ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.Іс-шара шетел тілдері кафедрасы оқытушыларының жетекшілігімен өтті: Бекалаева А. О., Мурумбаева Г. А., Халенова А. Р., Тлеугабылова З. А.