Орта Азиядағы ортағасырлық қолжазбалардың кодикологиялық ерекшеліктеріFarabi University

Орта Азиядағы ортағасырлық қолжазбалардың кодикологиялық ерекшеліктері

19 ақпан, 2026

2026 жылғы 17 ақпанда Түріктану және Шығыс елдерінің тарихы кафедрасының «Шығыстану» білім беру бағдарламасы бойынша 2-курс докторанты Н.Д. Сұлтанбаева онлайн форматта «Орта Азиядағы ортағасырлық қолжазбалардың кодикологиялық сипаттамасы» тақырыбында ғылыми семинар өткізді.

Семинар барысында докторант өзінің ғылыми зерттеу бағыты аясында қолжазбатану саласындағы кодикология мен палеографияның маңыздылығын жан-жақты баяндады. Қолжазбаларды зерттеуде мәтіндік мазмұнымен қатар, тарихи жәдігердің сыртқы физикалық ерекшеліктері де маңызды ғылыми ақпарат көзі болып табылатыны атап өтілді. Атап айтқанда, қолжазбаның негізгі құрамдас бөліктері – мұқаба, қағаз және сия түрлері – ғылыми деректер негізінде сипатталды.

Семинар жоғары ғылыми деңгейде және мазмұнды өтті. Іс-шараға Шығыстану факультетінің профессор-оқытушылар құрамы, сондай-ақ тақырыпқа қызығушылық танытқан докторанттар қатысты. Семинар соңында қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, ғылыми пікір алмасу жүргізілді.

Қырқымбекова А.Т.