Вена университетінің профессоры ҚазҰУ мұражайына келді
17 ақпан, 2026
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мұражайына Вена университеті (Австрия) профессоры В. Веллу келді.
Сапар барысында қонақ университеттің тарихымен, ғылыми жетістіктерімен және қалыптасқан дәстүрлерімен танысты. Профессорға ҚазҰУ кампусы ерекше әсер қалдырды — оның ауқымы, заманауи инфрақұрылымы және ғылым мен студенттік өмірдің үйлесімді байланысы.Қазақ халқының тарихи символы — Алтын адам ерекше қызығушылық тудырды. Экспозиция Қазақстанның бай мәдени мұрасымен тереңірек танысуға мүмкіндік берді.

