Израиль Мемлекетінің Елшісінің ҚазҰУ музейіне сапары
18 ақпан, 2026
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті музейіне Израиль Мемлекетінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Йоав Быстрицкий келді.
Сапар барысында қонақ университет тарихымен және ұлы ойшыл Әл-Фараби мұрасымен танысты.Сонымен қатар университеттің заманауи жетістіктері, соның ішінде Дмитрий Балландин атындағы бассейн сияқты спорттық нысандар атап өтілді.
Кездесу халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған маңызды қадам болды.
