- Басты бет
- Мұражай
- Месроп Маштоц атындағы Матенадаран музей-институты делегациясы ҚазҰУ музейіне келді
Месроп Маштоц атындағы Матенадаран музей-институты делегациясы ҚазҰУ музейіне келді
18 ақпан, 2026
Месроп Маштоц атындағы Матенадаран көне қолжазбалар музей-институты делегациясы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің мұражайына келді.
Сапар барысында қонақтар университет тарихымен, ғылыми бағыттарымен және халықаралық жобаларымен танысты. Ұлы ойшыл Әл-Фараби мұрасына ерекше назар аударылды.
Тараптар ғылым мен білім саласындағы ынтымақтастықты кеңейту және мәдени байланыстарды нығайту мәселелерін талқылады. Кездесу екі ел арасындағы серіктестікті дамытуға маңызды серпін берді.

