Қазақстан Парламентіне – 30 жыл: тең мүмкіндіктер және билік жауапкершілігіFarabi University
Референдум 15 марта

Қазақстан Парламентіне – 30 жыл: тең мүмкіндіктер және билік жауапкершілігі

12 ақпан, 2026

2026 жылғы 12 ақпанда педагогикалық практика аясында «Саясаттану» мамандығының магистранты Жансеит Аружанның бастамасымен
«Қазақстан Парламентіне – 30 жыл: тең мүмкіндіктер және билік жауапкершілігі» тақырыбында ашық диалог форматында іс-шара өткізілді.
Іс-шара Қазақстан Республикасындағы парламентаризмнің 30 жылдығына арналды. Кездесу барысында Парламенттің қалыптасу кезеңдері, оның мемлекеттік билік жүйесіндегі орны, заң шығару қызметінің маңызы және саяси жауапкершілік мәселелері талқыланды.
Тақырып аясында «тең мүмкіндіктер» ұғымы Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарымен байланыстырылды. Атап айтқанда, БҰҰ-ның 5-мақсаты - гендерлік теңдікке қол жеткізу және барлық әйелдер мен қыздардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту мәселесіне назар аударылды. Студенттермен саяси өкілдіктегі әйелдердің рөлі, шешім қабылдау үдерісіндегі гендерлік теңгерім және биліктің қоғам алдындағы жауапкершілігі жөнінде пікір алмасу жүргізілді.
Ашық сұхбаттың құрметті қонағы Алматы облыстық мәслихатының депутаты Заирова Асель Бахадыровна болды. Ол депутаттық қызмет тәжірибесімен бөлісіп, мәслихат жұмысы, өңірлік саясаттағы гендерлік өкілдік және заңнамалық бастамалар туралы айтып өтті.
Іс-шара мазмұнды әрі конструктивті диалог алаңына айналып, студенттердің кәсіби көзқарасын қалыптастыруға және саяси процестерді терең түсінуіне ықпал етті.