- Басты бет
- Жаңалықтар
- Абай Құнанбайұлы – ұлттың рухани көшбасшысы: «Қара сөздер» және оның жастар тәрбиесіндегі маңызы
Абай Құнанбайұлы – ұлттың рухани көшбасшысы: «Қара сөздер» және оның жастар тәрбиесіндегі маңызы
2026 жылдың 18 ақпанында 6B04103-Экономика білім беру бағдарламасының 3 курс студенттерімен «Абай Құнанбайұлы – ұлттың рухани көшбасшысы: «Қара сөздер» және оның жастар тәрбиесіндегі маңызы» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті. Ол студенттердің рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру және Абай шығармашылығын насихаттау мақсатында пікірталас, әдеби талдау, топтық жұмыс нысанында өткізілді.
Нәтижесінде студенттер Абайдың қара сөздерінің тәрбиелік мәнін түсініп, оны қазіргі өмірмен байланыстыра алды. Сонымен қатар іс-шара мазмұны Тұрақты даму мақсаттарымен сабақтастырылып, атап айтқанда 4-мақсат – Сапалы білім беру, 16-мақсат – Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар, сондай-ақ 17-мақсат – Тұрақты даму жолындағы серіктестік бағыттарымен үндестірілді. Абайдың «Қара сөздеріндегі» білімге ұмтылу, адалдық, әділдік, жауапкершілік қағидалары жастардың саналы тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етіп, тұрақты дамудың әлеуметтік-рухани негізін нығайтуға бағытталады.
Ұйымдастырушылар: Даулиева Г.Р., Андабаева Г.К., Тураров Д.Р.
Басқа жаңалықтар