Нашақорлықтың әлеуметтік, экономикалық және отбасына тигізетін зардаптары
«Жақсы денсаулық және әл-ауқат» атты тұрақты дамудың №3 мақсаты аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология факультетінің студенттері мен магистранттары арасында ф.ғ.к, куратор-эдвайзер Е.М. Солтанаеваның бастамасымен 2026 жылдың 19 ақпанында «Нашақорлықтың әлеуметтік, экономикалық және отбасына тигізетін зардаптары» тақырыбында медицина мамандарымен кездесу өкізді. Іс-шараның негізгі идеясы – жастар мен қоғам мүшелеріне нашақорлықтың адам денсаулығына, әлеуметтік жағдайына, отбасы тұрақтылығына және ел экономикасына тигізетін кері әсерін түсіндіру, зиянды әдеттердің алдын алу жолдарын көрсету, салауатты өмір салтын насихаттау және жауапкершілікті өмірлік ұстаным ретінде қалыптастыру. Сонымен қатар, медицина мамандарының кәсіби кеңестері арқылы қатысушылардың зиянды заттардың ағзаға әсері туралы ғылыми тұрғыда нақты ақпарат алуына мүмкіндік беру, тәуекел топтарын ерте анықтау және профилактикалық жұмыстардың маңызын арттыру болып табылады.
Шараға №4 қалалық емхананың терапевт маманы Э. Б. Аппарбекова және психолог маманы С. Ж. Ахметова қатысып, нашақорлықтың алдын алу, оның зардабы туралы көптеген медицианылық деректер мен тәжірибелері негізіндегі қызықты баяндама жасады. Студенттер мамандарға сұрақ қойып, өздері білгісі келген мәліметтерге толық жауап алды.
Кездесу барысында нашақорлықтың қоғамға тигізетін кері әсері туралы бейнематериалдар көрсетілді. Қатысушылар өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты. Мамандар зиянды әдеттердің алдын алу жолдары мен салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын атап өтті. Жалпы, шара ашық диалог форматында өтіп, барлығына еркін пікір алмасуға мүмкіндік жасалды.
Кеш соңында «Әдебиеттану» мамандығының магистранттары Зеберхан А., Есекеш А., Айгазинова Г., ұйымдастырған интерактивті ойындар арқылы студенттермен кері байланыс жасалды.
Аталған шараға оқытушы-профессорлық құрам, магистранттар мен студенттер т.б. да мүдделі тұрғалар қатысты.
Е. М. Солтанаева
Басқа жаңалықтар