ТДМ – 4: «Студенттердің оқу мотивациясын дамыту» тақырыбындағы семинар-тренинг
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Психологиялық қызметі мен «Инклюзивті орта» ғылыми-практикалық орталығы № 4 жатақханада тұратын студенттерге арналған семинар-тренинг өткізді. Іс-шара Тұрақты даму мақсаты 4 — «Сапалы білім» аясында ұйымдастырылды.
Семинардың тақырыбы — «Студенттердің оқу мотивациясын дамыту».

Семинар барысында студенттердің оқу мотивациясына әсер ететін негізгі факторлар, оның төмендеу себептері, сондай-ақ оқу жүктемесі мен жатақхана жағдайында оқудың психологиялық ерекшеліктері қарастырылды. Ішкі мотивацияның, саналы оқу әрекетінің және жеке оқу мақсаттарын анықтаудың маңызына ерекше назар аударылды.

Семинар-тренингтің практикалық бөлімінде интерактивті жаттығулар жүргізіліп, студенттердің өзін-өзі реттеу, оқу белсенділігін сақтау және білім алу үдерісінде тұрақты мотивация қалыптастыру дағдыларын дамытуға бағытталды. Қатысушылар белсенді қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Өткізілген семинар-тренинг студенттердің оқу мотивациясын нығайтуға және қолдаушы білім беру ортасын қалыптастыруға ықпал етті.
Басқа жаңалықтар