Шығыстану факультетінің студенттері Ахмет Байтұрсынұлы атындағы мұражайына танымдық экскурсия жасадыFarabi University

Шығыстану факультетінің студенттері Ахмет Байтұрсынұлы атындағы мұражайына танымдық экскурсия жасады

20 ақпан, 2026

Бүгін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультетінің Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының (араб тілі бөлімі) 1-курс студенттері эдвайзер Жұмажанова Фарида Токановнамен бірге Ахмет Байтұрсынұлы атындағы музейге танымдық экскурсия жасады.

Іс-шараның мақсаты — студенттердің тарихи санасын қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және ғылыми-танымдық көкжиегін кеңейту. Экскурсия БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының №4 «Сапалы білім» және №11 «Тұрақты қалалар мен қауымдастықтар» (мәдени мұраны сақтау) бағыттары аясында ұйымдастырылды.

Экскурсия барысында студенттер ұлт ұстазының өмір жолы мен ғылыми мұрасымен жан-жақты танысты. Олар Ахмет Байтұрсынұлының қазақ әліпбиін реформалаудағы, ұлттық білім беру жүйесін дамытудағы және қазақ тіл білімінің қалыптасуына қосқан зор үлесі туралы терең мағлұмат алды.

Музейге жасалған бұл сапар студенттер үшін танымдық әрі рухани маңызы зор тағылымды шара болды.