- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Шығыстану және жаһандану жағдайындағы экологиялық мәселелер» атты семинар өтті
«Шығыстану және жаһандану жағдайындағы экологиялық мәселелер» атты семинар өтті
2026 жылдың 20 ақпан күні Қытайтану кафедрасында «Шығыстану және жаһандану жағдайындағы экологиялық мәселелер» атты тақырыппен семинар өтті. Бұл іс-шара факультетіміздің тәрбие жөніндегі жоспарына сәйкес өткізілді. 2 курс студенті Тұрсынбекова Жансая өзінің жоба ретінде ұсынсам деп біраздан бері зерттеп жүрген тақырыбы негізінде, қазіргі шығыс елдеріндегі экологиялық ахуалды жалпылама баяндап келіп, өзінің зерттеу объектісі Қытайға көбірек тоқталды.
Жаһандану жағдайында Қытай әлемдік экономиканың негізгі қозғаушы күштерінің біріне айналды. Алайда қарқынды индустриялану, урбанизация және экспортқа бағытталған өндіріс, экологиялық мәселелердің ушығуына алып келді. Баяндамашы жаһандану контекстіндегі Қытайдың негізгі экологиялық проблемаларына, атап айтқанда, ауаның ластануы, су ресурстарының ластануы мен тапшылығы, топырақтың тозуы және шөлейттенуі, климаттың өзгеруі, қалдықтар мәселесі сияқты негізгі проблемаларды түрлі көрсеткіштермен, фактілермен дәлелдеп отырып айтып берді. Қытайдағы экологиялық мәселелерге жаһанданудың әсері мен ықпалына тоқтала келе, бүгінгі күні Қытайдың осыған қатысты ұстанып отырған саясатына кеңінен тоқталды.
Бұл тақырып студенттердің қызығушылығын тудырып, семинардың соңы сұрақ-жауап пен талқыға ұласты. Талқы барысында Қытайдың экологиялық тәжрибесінен Қазақстан қандай сабақ ала алатыны да сөз болды.
Басқа жаңалықтар