Қытай интернет тілі талқыланған мазмұнды кездесу өтті
2026 жылғы 19 ақпанда Қытайтану апталығының төртінші күні Қытайтану кафедрасы жанындағы «Жібек жолы» студенттік үйірмесінің аясында ұйымдастырылатын «Қытай тілі бұрышы» кезекті отырысы өтті. Іс-шара 1-курс куратор-эдвайзері Байсерке Айжанның жетекшілігімен ұйымдастырылды.
Кездесу барысында студенттер қытай тіліндегі заманауи интернет лексикасымен танысты. Әлеуметтік желілерде, чаттар мен форумдарда жиі қолданылатын жаңа сөздер мен тіркестердің мағынасы, қалыптасу тарихы және қолданыс ерекшеліктері кеңінен талқыланды. Қытайлық студенттер интернет кеңістігінде жастар арасында кең таралған сленг сөздер туралы айтып берсе, қазақстандық студенттер де еліміздегі жастар қолданатын танымал интернет сөздерді ортаға салды.
Отырыс барысында қатысушылар әлеуметтік желілерде пайда болған жаңа тілдік бірліктерді меңгеріп қана қоймай, олардың мәдени және коммуникативтік ерекшеліктеріне талдау жасады.
Танымдық әрі интерактивті форматта өткен бұл кездесу екі ел студенттерінің тілдік тәжірибе алмасуына, өзара түсіністікті нығайтуға және заманауи тілдік үрдістерді тереңірек тануына зор мүмкіндік берді.
Басқа жаңалықтар