СТУДЕНТТІК ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БЕЛСЕНДІЛІК. (Волонтерлік шаралар, Стартаптар, Жасанды интеллект)Farabi University
Референдум 15 марта

СТУДЕНТТІК ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БЕЛСЕНДІЛІК. (Волонтерлік шаралар, Стартаптар, Жасанды интеллект)

20 ақпан, 2026

Осы бағыт аясында ҚазҰУ-дың Қазақстан–Қытай орталығында «Student Budget AI» тақырыбында студенттермен кездесу және тренинг ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында AI эксперт, маркетолог, жұртшылықпен байланыс менеджері Нұрсәуле Досымхан «Жасанды интеллект көмегімен жеке бюджетті тиімді жоспарлау» тақырыбында мазмұнды тренинг өткізді.

Кездесудің негізгі мақсаты – студенттердің қаржылық сауаттылығын арттыру, жеке бюджет жүргізу дағдыларын қалыптастыру және жасанды интеллект құралдарын тиімді пайдалану арқылы қаржыны жүйелі басқаруға үйрету.

Тренинг барысында: студенттік кезеңде қаржылық жоспарлаудың маңыздылығы;  табыс пен шығынды дұрыс есептеу жолдары; AI құралдарының көмегімен жеке бюджетті автоматтандыру тәсілдері; қаржылық тәртіп пен жауапкершілікті қалыптастыру мәселелері кеңінен талқыланды.

Іс-шара интерактивті форматта өтіп, студенттер өз сұрақтарына нақты жауап алды. Мұндай кездесулер білім алушылардың әлеуметтік белсенділігін арттырып, заманауи цифрлық дағдыларын дамытуға ықпал етеді.

Спикерге уақыт бөліп келгеніне алғыс білдіреміз!