ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ ДА ТҰҢҒЫШ РЕТ  «ХАМЗА ТЕСТІ» ӨТТІFarabi University

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ ДА ТҰҢҒЫШ РЕТ  «ХАМЗА ТЕСТІ» ӨТТІ

21 ақпан, 2026

Тұрақты Даму мақсаттары (ТДМ) «Тұрақты даму үшін серіктестік» аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультеті Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы арабтану бөлімінің студенттеріне ағымдағы жылдың 21-ақпан күні Король Салман Халықаралық араб тілі академиясы (Сауд Арабиясы, Эр-Рияд) шет тілін меңгеру деңгейін анықтайтын академиялық «Хамза» тестін онлайн түрде қашықтан өткізді.

 «Хамза тест»  – шетел тілдерін меңгерудің Жалпыеуропалық құзыреттер шеңберіне (CEFR) (Common European Framework of Reference for Languages) негізделген шетелдіктердің араб тілін меңгеру деңгейін өлшейтін әлемдік стандартталған компьютерлік тест. Тестті Эр-Риядтағы Король Салман Халықаралық араб тілі академиясының (King Salman Global Academy for Arabic Language) арнайы мамандары мен сарапшылар тобы әзірлеп, енгізген. Тест A1 деңгейінен C1 деңгейіне дейінгі аралықты қамтитын төрт негізгі дағдыны бағалайды:

·         тыңдалым (тыңдап түсіну)

·         оқылым (оқығанды түсіну)

·         жазылым

·         айтылым (ауызша сөйлеу).

Тест араб тілін үйренушілерге, университеттердегі, институттардағы және араб тілі орталықтарындағы оқытушыларға, сондай-ақ тілдік біліктілік талап етілетін кейбір жұмыс берушілерге арналған.

«Хамза тестін» тапсыруға арабтану бөлімінің 36 білім алушысы қатысты. Тест нәтижелері 48 сағат ішінде Король Салман Халықаралық араб тілі академиясы (Сауд Арабиясы, Эр-Рияд) тарапынан анықталып, әр білім алушыға сертификаты табысталатын болады.

 

Арабтану бөлімінің меңгерушісі

Хаван Айдынгүл