Жаңа Конституция – білім мен ғылымға басымдық!
Ата Заңымыздың жаңа мәтінінің басты идеясы ретінде білім мен ғылым, мәдениет пен инновация айқындалды. Бұл – мемлекеттің болашағы минералды ресурстармен емес, адами капиталмен және азаматтардың жетістіктерімен анықталатынын көрсететін түбегейлі маңызды бетбұрыс.
Қазақстан Республикасы адам капиталын, білімді, ғылымды, инновацияны дамытуды мемлекет қызметінің стратегиялық бағыты деп таниды.
-
Бұл студенттер үшін – сапалы білім мен тең мүмкіндік.
-
Бұл ғалымдар үшін – еңбектің бағалануы мен қолдау.
-
Бұл қоғам үшін – әділеттілік пен прогресс жолы.
Сонымен қатар, жаңа Конституцияда Вице-президент институтын құру көзделген. Ол Қазақстан мен шетелдердің қоғамдық-саяси, ғылыми және мәдени-ағартушылық ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасайды. Бұл – еліміздің ғылымы мен мәдениетінің халықаралық деңгейде дамуына жаңа серпін береді.
Бұл конституциялық өзгерістер БҰҰ-ның мынадай жаһандық мақсаттарына толықтай сәйкес келеді:
-
ТДМ 4 (Сапалы білім): Білім беруді стратегиялық басымдық ретінде тану.
-
ТДМ 9 (Инновация және инфрақұрылым): Ғылым мен инновацияны мемлекеттік дамудың қозғаушы күшіне айналдыру.
-
ТДМ 17 (Серіктестік): Вице-президент институты арқылы халықаралық ғылыми-мәдени байланыстарды нығайту.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қауымдастырылған профессоры А.А. Куйкабаева