- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Қалдықтарды сұрыптау – заманауи өмір салты» (БҰҰ ТДМ 12, 13, 11) кураторлық сағаты.
«Қалдықтарды сұрыптау – заманауи өмір салты» (БҰҰ ТДМ 12, 13, 11) кураторлық сағаты.
Физика-техникалық факультетінде «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында «Қоқысты сұрыптау – заманауи өмір салты» тақырыбында ашық кураторлық сағат өткізілді. Кураторлық сағатты электроника және астрофизика кафедрасының аға оқытушысы Әлмен Динара Бақытжанқызы жүргізді.
Іс-шара барысында тұрмыстық қалдықтар көлемінің артуына байланысты өзекті экологиялық мәселелер, сондай-ақ қоршаған ортаны сақтау және қоғамның тұрақты дамуын қамтамасыз етудегі қоқысты бөлек жинаудың маңызы қарастырылды.
Студенттерге қалдықтарды сұрыптау қағидалары, олардың негізгі түрлері (пластик, шыны, қағаз, металл) және қайта өңдеу мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, саналы тұтынуға және жастардың экологиялық бастамаларды жүзеге асырудағы рөліне ерекше назар аударылды. Кураторлық сағат барысында білім алушылардың белсенді азаматтық ұстанымын дамытуға бағытталған пікір алмасу ұйымдастырылды.