Референдум – тікелей демократия институтыFarabi University

Референдум – тікелей демократия институты

23 ақпан, 2026

2026 жылғы 23 ақпанда Алматы қаласында «Референдум – тікелей демократия институты» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шара заң факультетінің ұйымдастыруымен өтіп, оған ғалымдар, Парламент өкілдері, сарапшылар және заң факультетінің студенттері белсене қатысты. Дөңгелек үстелдің модераторы – заң ғылымдарының докторы, профессор Гүлдана Амангельдиевна Қуаналиева. Алғашқы құттықтау сөзді заң факультетінің деканы, профессор Уалихан Ақыпбекұлы Ахатов сөйледі. Ол өз сөзінде референдумның мемлекеттің саяси жүйесіндегі маңызын атап өтіп, халықтың тікелей қатысу тетіктерін жетілдіру қажеттігін айтты.  Сондай-ақ Саида Эргашевна Асанова, Ербол Темирханович Алимкулов, Қанат Мұратұлы Қожабек, Бақытжан Қалымбек, Ғалым Байғазыевич Телеуев, Гүлнұр Қойшынқызы Рашева, Айнаш Акимсаловна Есекеева және Сабыржан Малиұлы Жапаков өз баяндамаларында референдумның құқықтық негіздері, конституциялық жаңғыру және адам құқықтарының кепілдіктерін күшейту мәселелерін жан-жақты талқылады.

Іс-шара қорытындысында қатысушылар референдум институтын одан әрі дамытуға бағытталған ұсыныстар қабылдап, оның демократиялық мемлекет құрудағы маңызын ерекше атап өтті.