Мектептің табысты тәжірибелері: көшбасшылық пен серіктестік тәжірибесіFarabi University
Референдум 15 марта

Мектептің табысты тәжірибелері: көшбасшылық пен серіктестік тәжірибесі

23 ақпан, 2026

 

2026 жылғы 23 ақпанда «OPENSHOOL» жобасы аясында КММ «№79 гимназияда» ГНМЦНТО-мен бірлесіп, Алматы қаласы мектеп директорларына арналған қалалық әдістемелік семинар-практикум өтті (70 қатысушы). Семинар аясында:
«Табысты тәжірибелерге экскурсия» және
«Басқару шеберханасы: табысты мектепті қалай құруға болады» тақырыптары қамтылды.

Гимназия директоры Цай Р.А. табысты мектепті дамытудың жүйелі моделін таныстырса, директордың орынбасары Кусаинова С.Д. «Гимназиядағы ВШК жүйесінің моделі» тақырыбында басқарушылық тәжірибесімен бөлісті.

БҰҰ-ның ТДМ 4 «Сапалы білім» және ТДМ 17 «Тұрақты даму жолындағы серіктестік» мақсаттарын іске асыру аясында мектеп басшыларына арналған тренинг өткізілді:
«Басшының эмоционалдық интеллекті және мектепті басқаруда әлеуметтік-эмоционалдық дамудың құралдары».

Тренингті әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жалпы және қолданбалы психология кафедрасының доценті Садвакасова З.М. және «Психология» мамандығының 3-курс студенті Петрова Светлана жүргізді.

Назарда — қазіргі заманғы мектептің стратегиялық ресурсы ретіндегі эмоционалдық интеллект мәдениетін дамыту. Саналы көшбасшылық, өзін-өзі реттеу, конструктивті коммуникация және қақтығыстардың алдын алу қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастырып, кәсіби өзара іс-қимылды нығайтады және мектептің отбасы мен қоғамдастықпен серіктестігін кеңейтеді.

Қатысушылар топтарда жұмыс істеп, тәжірибе алмасты, әдістемелік ұсынымдар алды және семинар қорытындысы бойынша кері байланыс ұсынды.

Іс-шараны ұйымдастырушылар — Алматы қаласы Білім басқармасы, КММ «№79 гимназия».
Кәсіби ынтымақтастық пен мектеп пен жоғары оқу орны арасындағы серіктестікті нығайтқаны үшін алғыс білдіреміз.