«Тұрақты даму мақсаты: № 9 Индустрияландыру, инновациялау және инфрақұрылым» тақырыбы аясында ғұлама ойшыл Әл-Фарабидің «Қайырымды қала тұрғындары» трактаттарын талдауға арналған дөңгелек үстел ұйымдастырды.Farabi University

«Тұрақты даму мақсаты: № 9 Индустрияландыру, инновациялау және инфрақұрылым» тақырыбы аясында ғұлама ойшыл Әл-Фарабидің «Қайырымды қала тұрғындары» трактаттарын талдауға арналған дөңгелек үстел ұйымдастырды.

24 ақпан, 2026

2026 жылдың 24 ақпанында шетел тілдері кафедрасының аға оқытушысы Г.С.Махарова «Тұрақты даму мақсаты: № 9 Индустрияландыру, инновациялау және инфрақұрылым» тақырыбы аясында ғұлама ойшыл Әл-Фарабидің «Қайырымды қала тұрғындары» трактаттарын талдауға арналған дөңгелек үстел ұйымдастырды.

         Дөңгелек үстелге Заң факультетінің 1 курс студенттері және Түркия, Түркменстан, Қытай, Нигерия, Ауғаныстан елінен келген, әртүрлі мамандықта білім алып жатқан студенттер жұмылдырылды. Студенттер Әл-Фарабидің ғылым мен білімге деген құштарлығының арқасында Аристотельден кейінгі "екінші ұстаз" атануының негізгі себептерін баяндады. Сондай-ақ, 150-ге жуық ғылыми- философиялық трактаттары туралы ой бөлісіп, белсенді пікір алмасты.

       Іс-шара барысында студенттер өз өнерлерін (ән, өлең, күй) көрсетумен қатар, Әл-Фарабидің (ЖИ қолдану арқылы) тірі бейнесін жасап, интерактивті форматта «қайырымды қала» басшысының бойынан табылуға тиісті 12 қасиет, қағиданы ойшылдың өзіне қазақ және ағылшын тілдерінде баяндатты.

       Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты – білім алушылардың ізгілікті, танымдық, дербес тұлғалық қабілеттерін дамытуға арналған, рухани адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған, тәрбиелік мәні бар, ұлы ойшыл Әл-Фарабидің ой-тұжырымдарын дәріптеу.

Студенттер келесі мәселелер төңірегінде пікір алмасты:

• Әл-Фарабидің «Қайырымды қала тұрғындары» трактатындағы ізгі қоғам құру, парасатты басқару, ғылым мен білімнің рөлі туралы тұжырымдарды талдау;

• Индустрияландыру мен инновациялық дамудың адам капиталына, рухани мәдениетке және әлеуметтік жауапкершілікке тәуелділігін түсіндіру;

• Болашақ заңгерлердің құқықтық санасын, әлеуметтік жауапкершілігін және азаматтық позициясын қалыптастыру;

• Көпұлтты академиялық ортада мәдениетаралық диалог пен ынтымақтастық құндылықтарын нығайту.

      Бұл іс-шара студенттердің құндылықтық бағдарларын нығайтуға, кәсіби қызметте этикалық нормаларды ұстану маңызын айқындауға, сыни ойлау мен пікірталас жүргізу дағдыларын дамытуға, сондай-ақ әлеуметтік жауапкершілігін, азаматтық белсенділігін арттыруға ықпал етеді.

       Бүгінгі студент - ертеңгі қоғам қайраткері, еліміздің жарқын болашағы. Сондықтан студенттердің бойына академиялық біліммен қоса ізгі қоғам құру үшін парасаттылық пен рухани-адамгершілік құндылықтарды сіңіру, озық ойлы, саналы ұрпақ тәрбиелеу - еліміздің қарқынды дамуымен өркендеуінің кепілі.

https://drive.google.com/file/d/1niii59cii_VJI1ngQriFBoIP9zFs5aU6/view?usp=drivesdk