"Қаржы" ББ 1 курс докторанты магистранттар үшін кураторлық сағат өткіздіFarabi University
Референдум 15 марта

"Қаржы" ББ 1 курс докторанты магистранттар үшін кураторлық сағат өткізді

23 ақпан, 2026

«Қаржы және есеп» кафедрасының «Қаржы» ББ-сының 1-курс докторанты Днимова Ж.Ш. педагогикалық практикадан өту аясында магистранттар арасында «Студенттердің қаржылық сауаттылығы — тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамудың факторы» тақырыбында тәрбие жұмысы бойынша кураторлық сағат өткізді (атап айтқанда: ТДМ 1 — Кедейлікті жою; ТДМ 4 — Сапалы білім; ТДМ 8 — Лайықты жұмыс және экономикалық өсу; ТДМ 10 — Теңсіздікті азайту).

Аталған тақырып бойынша негізгі мақсаттар ашылды: қаржылық сауаттылықтың қоғам мен экономиканың тұрақты дамуымен байланысын түсіндіру; азаматтық құзыреттілік ретінде жауапты қаржылық мінез-құлықты қалыптастыру. Сонымен қатар жеке қаржылық шешімдерді қаржылық талдау дағдылары қарастырылып, олардың әлеуметтік-экономикалық салдары бағаланды және сыни ойлау қабілеттері дамытылды.

Нәтижесінде магистранттар: қаржылық сауаттылықтың кедейлікті төмендетудегі рөлін түсінді; жеке қаржы мен ел экономикасының өзара байланысын көрді; қаржылық шешімдерді тұрақты даму тұрғысынан талдауды үйренді; қаржылық сауаттылықты әлеуметтік жауапкершілік ретінде қабылдады.

Докторанттың ғылыми жетекшісі — э.ғ.к., PhD, қауымдастырылған профессор Нурмагамбетова Ажар Зейнуллаевна.