Әзербайжан Ғылым академиясының ғалымы ҚазҰУ музейіндеFarabi University

Әзербайжан Ғылым академиясының ғалымы ҚазҰУ музейінде

25 ақпан, 2026

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті музейіне Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясы ғалымы Гумру Шахрияр келді. Қонақ университет тарихымен, ғылыми жетістіктерімен және мәдени мұрасымен танысты.

Кездесу барысында ҚазҰУ қалашығының ерекше білім беру ортасы мен болашағы кеңінен талқыланды. Ғалым университет кампусының ауқымын, инфрақұрылымының дамуын және ғылыми әлеуетінің жоғары екенін атап өтті.

Сондай-ақ, университет қалашығының болашақта халықаралық ғылыми жобалардың, жас зерттеушілердің және инновациялық бастамалардың орталығына айналу мүмкіндігі ерекше аталды.