«Өмір тепе-теңдігі: денсаулық — табысқа жету стратегиясы»Farabi University

«Өмір тепе-теңдігі: денсаулық — табысқа жету стратегиясы»

24 ақпан, 2026

2026 жылғы 24 ақпанда филология факультетінің №17 жатақханасында Тұрақты даму мақсаттарының 3-мақсаты — «Барлық жастағы адамдар үшін салауатты өмір салтын қамтамасыз ету және әл-ауқатты ілгерілету» аясында тақырыптық іс-шара өтті.

Қазіргі таңда әлем денсаулық сақтау саласындағы бұрын-соңды болмаған жаһандық дағдарысты бастан кешіруде. Бұл жағдай әлемдік экономиканы тұрақсыздандырып, миллиардтаған адамдардың өмірін түбегейлі өзгертуде.

Филология факультетінің куратор-эдвайзері, шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының аға оқытушысы Онгарбаева М. С. эмоционалдық күйзелістің алдын алу, студенттік ұжымдағы қолдау мен коммуникацияның рөлі, сондай-ақ әл-ауқаттың негізі ретінде пайдалы әдеттерді қалыптастыру мәселелерін қозғады.

Оқу залында «6B02305 — Қазақ филологиясы», «6B02303 — Шетел филологиясы (батыс тілдері)» және «6B02304 — Аударма ісі (батыс тілдері)» білім беру бағдарламаларының 1-курс студенттері қазіргі жастардың қандай жүктемелерге тап болатынын, күйзелістің оқу үдерісі мен эмоционалдық жағдайға әсерін, ұйқы режимін сақтаудың және оқу мен демалыс арасындағы тепе-теңдікті табудың маңыздылығын талқылады.

Ағабек Г. Қ., Шәкенова Ф. Қ., Айдын А. постер мен интерактивті ойындар дайындады. Қатысушылар жеке тәжірибелерімен бөлісіп, энергияны қалпына келтіру мен ішкі тепе-теңдікті сақтаудың практикалық тәсілдерін талқылады, сондай-ақ зиянды әдеттер мен ұйқы режимін сақтамаудың салдары туралы пікір алмасты.

Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасы

аға оқытушы Оңғарбаева М.С.