Қазақтың ұлттық ойындарыFarabi University

Қазақтың ұлттық ойындары

21 ақпан, 2026

21.02.26. - Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ЖОО дейінгі білім беру факультетінде оқытушылар Г. Машинбаева, М. Ешимов, Р. Дүйсенбаева, Г. Мұсаева бірлесе ұйымдастырған «Қазақтың ұлттық ойындары» атты тәрбиелік іс-шарасына ПГ-16, ПГ-17 ПГ-18 топта оқитын шетелдіктер қатысты. Тіл үйренушілерге ұлттық ойындарымыздың түрлері слайд көмегімен таныстырылды. Аталаған іс-шарада 18- топтың куратор-эдвайзері Г. А. Машинбаева тыңдаушыларды қазақ халқының жастар арасында, үй ішінде ойналатын ойындарымен таныстырып өтті. Онда ұмыт бола бастап, қазірге кезде қайта жаңғыртылып келе жатқан ойындар «Орамал тастамақ», «Бес тас» ойындары, сыртта аулада ойналатын «Асық», «Арқан тарту» және ерекше ойлауды талап ететін «Тоғызқұмалақ» ойындары туралы мәліметтер беріп өтті. Келесі кезекте оқытушылар М. Ешимов, Г. Мұсаева Р. Дүйсенбаевалар ұлтымыздың ат үстінде ойналатын ойындарын жан-жақты таныстырып өтті. Ат үстінде ойналатын ойындардың шарты бойынша жігіттеріміздің ат құлағында ойнайтын мықты болуы, білекті, епті болуы шарт екендігін естіген шетелдік тыңдаушылар ұлттық ойындарымызға асқан қызығушылық танытты. Халқымыздың «Қыз қуу», «Аударыспақ», «Көкпар» «Теңге ілу» ойындары арқылы қазақ халқының төрт түлік малдың ішінде жылқы малына деген сүйіспеншілігі, оны «Ер қанаты – ат» деп бағалауы туралы айтылған мәліметтер шетелдіктер үшін тың ақпарат болды.