- Басты бет
- Жаңалықтар
- Биоалуантүрлілікті қорғау — тұрақты өмір кепілі: №24 лицейде танымдық дәріс өтті
Биоалуантүрлілікті қорғау — тұрақты өмір кепілі: №24 лицейде танымдық дәріс өтті
Іле ауданының №24 лицейінде 9-10 сынып оқушыларына арналған «Биоалуантүрлілікті қорғау — тұрақты өмір кепілі» атты ғылыми-танымдық іс-шара өтті. Бұл кездесу Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) 15-бағыты — «Құрлық экожүйелерін сақтау» шеңберінде ұйымдастырылды.

ТДМ негізгі спикері- әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің зоология, гистология және цитология кафедрасының аға оқытушысы Қонысбаева Айжан Әміржанқызы. Білікті маман оқушыларға өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің табиғаттағы теңдессіз рөлін ғылыми негізде түсіндіріп, биоалуантүрлілікті сақтаудың адамзат болашағы үшін маңыздылығын ашып көрсетті. Сабақ барысында құрлық экожүйелерінің тұрақтылығы, биологиялық түрлердің өзара байланысы және қоршаған ортаны қорғаудың заманауи мәселелері талқыланды. Оқушылар экожүйелік тепе-теңдікті сақтау бойынша өзекті сұрақтарына жауап алып, экологиялық жауапкершілік туралы пікір алмасты. Бұл шара жас ұрпақтың табиғатқа деген жанашырлығын арттырумен қатар, мектеп пен жоғары оқу орны арасындағы ғылыми-ағартушылық байланысты нығайтуға бағытталды.
Зоология, гистология және цитология кафедрасының аға оқытушысы
Қонысбаева Айжан Әміржанқызы
#SDG #SustainableDevelopment #KazNU #SDG_KazNU #SustainableKazNU
Басқа жаңалықтар