«Халықаралық қатынастар» зерттеу орталығының ашылуы және «Орталық Азия мұраты» кітаптар топтамасының тұсаукесері өттіFarabi University

«Халықаралық қатынастар» зерттеу орталығының ашылуы және «Орталық Азия мұраты» кітаптар топтамасының тұсаукесері өтті

25 ақпан, 2026

2026 жылғы 25 ақпанда ҚР Президенті жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясы қабырғасында «Халықаралық қатынастар» зерттеу орталығының ресми ашылу салтанаты және «Орталық Азия мұраты» кітаптар топтамасының тұсаукесері өтті.

Ауқымды ғылыми іс-шараға академиялық қауымдастық өкілдері, отандық және шетелдік ғалымдар, сарапшылар, жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы мен жас зерттеушілер қатысты. Жиын барысында халықаралық қатынастар саласындағы заманауи зерттеулерді дамыту, аймақтық қауіпсіздік, геосаяси үдерістер және Орталық Азия кеңістігіндегі ынтымақтастық мәселелері кеңінен талқыланды. Қатысушылар өңірлік тұрақтылық пен орнықты дамуды қамтамасыз етудегі ғылыми сараптаманың маңыздылығын ерекше атап өтті.

Іс-шара аясында таныстырылған «Орталық Азия мұраты» кітаптар топтамасы аймақтың тарихи дамуы, өркениеттік ерекшеліктері, интеграциялық үдерістері мен болашақ стратегиялық бағдарларын ғылыми тұрғыдан зерделеуге арналған. Басылымдарда өңірлік ынтымақтастықтың өзекті мәселелері мен даму перспективалары жан-жақты қамтылып, ғылыми негізделген тұжырымдар ұсынылған.

Аталған ғылыми бастамалар еліміздің зияткерлік әлеуетін арттыруға, халықаралық ғылыми кеңістіктегі беделін нығайтуға және Орталық Азия аймағындағы ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталған маңызды қадам болып табылады.