Дұрыс тамақтану – денсаулық кепіліFarabi University
Референдум 15 марта

Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі

27 ақпан, 2026

2026 жылдың 27 ақпан күні Шығыстану факультетінде студент жастардың арасында дұрыс тамақтануды насихаттау шаралары аясында «Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі» деген тақырыппен іс-шара өтті. Бұл іс-шара факультеттің тәрбие жұмысы бойынша түзілген жоспарына сәйкес ұйымдастырылды. Шараны Қытайтану кафедрасы менгерушісінің оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Керімбаев Ержан Әбдірайымұлы өткізді. 
Адамның тамаққа деген қажеттілігі күнделікті өмірдің ең маңызды сұранысы. Адамның өсуі, рухы мен денсаулығының мықты болуы – барлығы дұрыс тамақтануға байланысты.
Ержан Әбдірайымұлы алдымен ішіп-жем және тағам мәдениеті туралы бір сыпыра әңгіме айта келіп, бүгінгі күні дұрыс тамақтана білудің қаншалықты маңызды екеніне тоқталды. Шығыс елдеріндегі тамақтану мәдениеті де сөз болды. Соңынан тамақтану мәдениетіне қатысты түсірілген «Что такое правильное питание и как начать правильно питаться?» атты деректі фильм көрсетілді.
Азық-түлік қауіпсіздігі адамзаттың дұрыс дамуындағы негізгі факторлардың бірі болып отырған бүгінгі күні, мұндай іс-шаралар студенттерге ой салары сөзсіз.