Білім беру ортасындағы инклюзия: оқытушының рөлі
27 ақпан 2026 жылы химия және химиялық технология факультетінің Е.Е. Ерғожин атындағы Ғылыми кеңес мәжіліс залында факультет оқытушыларына арналған «Білім беру ортасындағы инклюзия: оқытушының рөлі» тақырыбында семинар өтті.
Іс-шараны органикалық заттар, табиғи қосылыстар мен полимерлер химиясы және технологиясы кафедрасының оқытушылары – доценттер П.И. Уркимбаева, З.А. Кенесова, аға оқытушылар Д.Н. Махаева, А.Ж. Аликулов ұйымдастырды. Сондай-ақ іс-шараға кафедра меңгерушісі Г.С. Ирмухаметова және әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі декан орынбасары Г.Ж. Жаксылыкова қатысты. Семинар инклюзивті білім беру ортасын қалыптастырудың өзекті мәселелерін талқылауға, оқытушылардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға және барлық білім алушылар үшін тең мүмкіндіктер жасауға бағытталды.
Семинар спикері ретінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «Инклюзивті орта» орталығының тәрбие жұмысы жөніндегі маманы Сайлауов Әсет Төлегенұлы сөз сөйледі. Семинар барысында инклюзивті оқытудың заманауи тәсілдері, ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттермен жұмыс істеудің практикалық кейстері, сондай-ақ қолдаушы әрі қолжетімді академиялық орта қалыптастырудағы оқытушының рөлі қарастырылды.
Семинар ашық диалог форматында өтіп, қатысушылар тарапынан үлкен қызығушылық тудырды. Бұл университетте инклюзивті мәдениетті жүйелі түрде дамыту жұмысының маңыздылығын тағы бір мәрте дәлелдеді.







Басқа жаңалықтар