ТҮРІКТАНУ ЖӘНЕ ШЫҒЫС ЕЛДЕРІНІҢ ТАРИХЫ КАФЕДРАСЫНДА ОНЛАЙН ҒЫЛЫМИ СЕМИНАР ӨТТІFarabi University
Референдум 15 марта

ТҮРІКТАНУ ЖӘНЕ ШЫҒЫС ЕЛДЕРІНІҢ ТАРИХЫ КАФЕДРАСЫНДА ОНЛАЙН ҒЫЛЫМИ СЕМИНАР ӨТТІ

2 наурыз, 2026

2026 жылғы 27 ақпанда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультетінің Түріктану және Шығыс елдерінің тарихы кафедрасында 2-курс магистранттары мен докторанттарының қатысуымен онлайн форматта ғылыми семинар өтті. Іс-шара сағат 10:00-де Zoom платформасы арқылы Тұрақты даму мақсаттарының «Сапалы білім беру – 4» бағыты аясында ұйымдастырылды.

Ғылыми семинардың негізгі мақсаты – жас зерттеушілердің ғылыми-зерттеу әлеуетін арттыру, диссертациялық жұмыстар аясында өзекті мәселелерді талқылау және пәнаралық ғылыми диалогты дамыту болды. Семинар барысында магистрант Үкібай Бибол Бауыржанұлы «Түркияның сыртқы саясатындағы Орталық Азия» тақырыбында баяндама жасап, аймақтық геосаяси үдерістер мен стратегиялық серіктестік мәселелерін талдады.

Докторант Оңғар Аяулым «Саяси дискурстағы концептік толеранттылықтың теориялық негіздері» тақырыбында қазіргі саяси коммуникация кеңістігіндегі толеранттылық ұғымының теориялық қырларын саралады. Докторант Ертай Жомарт «Жәдидтік ағарту қозғалысы және қазақ зиялыларының ұлттық миссиясы» атты баяндамасында тарихи-ағартушылық үдерістердің ұлттық сана қалыптастырудағы рөлін жан-жақты ашып көрсетті.

Сонымен қатар Бекетова Дана Бекетқызы «Қазақтың әулие әйелдері: трансценденттік құндылықтар мен әлеуметтік-тәрбиелік тәжірибелер» тақырыбында киелілік феноменінің рухани және мәдени маңызын ғылыми тұрғыда негіздеді. Юлдашева Венера Аббасовна «Қазақ және түрік әшекей бұйымдары: тұрмыстық бұйымдар этимологиясы мен семантикасы» тақырыбында материалдық мәдениет пен тілдік-мәдени сабақтастық мәселелерін кешенді түрде талдады.

Ғылыми семинар барысында ұсынылған баяндамалар өзектілігімен, теориялық тереңдігімен және пәнаралық сипатымен ерекшеленді. Қатысушылар арасында мазмұнды пікір алмасу жүргізіліп, зерттеу бағыттарын одан әрі жетілдіруге қатысты ғылыми ұсыныстар айтылды. Семинар жоғары академиялық деңгейде өтіп, магистранттар мен докторанттар үшін тәжірибе алмасуға арналған маңызды ғылыми алаңға айналды.

Абелдаев Ж.

Кыркымбекова А.