«Экологияның өзекті мәселелері» тақырыбында іс-шара өтті
2026 жылғы 02 наурыз күні сағат 13:00-де 412 аудиторияда Биотехнология кафедрасының 3-курс студенттерінің қазақ топтарының ұйымдастыруымен «Экологияның өзекті мәселелері» тақырыбында ғылыми-танымдық іс-шара өткізілді.
Іс-шара жетекшісі – Биотехнология кафедрасының оқытушысы, PhD доктор Доқтырбай Г.
Қатысушылар: Биотехнология кафедрасының оқытушысы, б.ғ.к. Сыдықбекова Р.К. және Биотехнология кафедрасының 3-курс қазақ тобының студенттері.
Іс-шара барысында қазіргі жаһандық экологиялық проблемалар, соның ішінде климаттың өзгеруі, биологиялық әртүрліліктің азаюы, қоршаған ортаның ластануы және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мәселелері кеңінен талқыланды. Сонымен қатар экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз етудегі биотехнологияның рөлі мен жасыл технологиялардың маңыздылығы атап өтілді.
Іс-шара барысында студенттер өз пікірлерін білдіріп, ғылыми тұрғыда сұрақтар қойды. Пікірталас форматында өткен кездесу білім алушылардың экологиялық жауапкершілігін арттыруға және ғылыми қызығушылығын дамытуға ықпал етті.
Аталған іс-шара жас ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға және тұрақты даму қағидаттарын насихаттауға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болды.




Басқа жаңалықтар