27.02.2026 ж
ТДМ-4 Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Журналистика факультеті Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының 230 топ студенттері кураторлық сағатта (эдвайзері доцент Римма Жақсылықбаева) белгілі экономист Дәулет Төлеутайұлы Мұқаевтың «Бизнеске бағыт» кітабының қаржылық сауаттылыққа ықпалы жөнінде жан-жақты пікірлесті. Кітапта айтылған кәсіпкерліктің не екенін пайымдаудан бастаған студенттер, ашатын бизнеске қаражат көзін қайдан алуға болатындығын, бизнес ашудағы құжаттар мәселесін де ұғына түсті. Пікірлесу барысында студенттер осы кітап арқылы кәсіптің кілтін тауып, табысты жандар қатарынан қалай көрінуге болатынын, қаржылық сауаттылықтың критерийлерін талдап, әлеуметтік желіде табыс көзімен қалай айналысуға болатынын да қамтып өтті.
Пікірлесу барасында 203 топ студенттері экономист Дәулет Төлеутайұлының «Әрекетке– берекет!»,- деген қағидасын негізге ала отырып, кез келген белгілі нәтижеге жету үшін адамға алдымен биік мақсат, сосын сол мақсатқа жету жолында аянбай еңбек ету керектігін ұғынды.