PROFESSIONAL WEEK – 2026 аясында сараптамалық стратегиялық сессия өтті
2026 жылғы 3–6 наурыз аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті базасында «Академиялық басқару және білім беру сапасы: жетекшілер мен оқытушылар үшін қарқындылық» тақырыбында сараптамалық стратегиялық сессиясы өтуде.
Аталған сессияға Рекреациялық география және туризм кафедрасының оқытушылары Алиева Ж.Н., Абишева З.М., Момынов С.А., Төкенова Ж.Ж., Әділбай Б.С. қатысуда.

Сессия барысында қатысушылар:
· оқу үдерісін процесс-менеджмент негізінде басқару;
· GenAI құралдарын пайдалана отырып пәндерді редизайн жасау;
· дуальды оқыту мен микробіліктіліктерді енгізу;
· оқыту этикасы мен қақтығыстарды басқару;
· университет стратегиясы және ғылыми KPI жүйесін қалыптастыру мәселелерін талқылады.
Практикалық тректер аясында кафедра оқытушылары пәндердің оқу-әдістемелік кешендерін жетілдіру, критериалды бағалау рубрикаларын әзірлеу, GenAI құралдарын тиімді қолдану және академиялық басқарудың бірыңғай стандарттарын қалыптастыру бағытында белсенді жұмыс жүргізді.

Сессия нәтижесінде білім беру сапасын арттыруға, академиялық басқаруды жүйелеуге және кафедра деңгейінде заманауи білім беру модельдерін енгізуге бағытталған нақты ұсыныстар мен шешімдер пысықталды.
Рекреациялық география және туризм кафедрасы университеттің стратегиялық даму бастамаларын қолдай отырып, кәсіби трансформация үдерісіне белсенді қатысуды жалғастырады.