География және табиғатты пайдалану факультетінде География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының ұйымдастыруымен Алғыс айту күніне арналған тағылымды іс-шара өтті.Farabi University
Референдум 15 марта

География және табиғатты пайдалану факультетінде География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының ұйымдастыруымен Алғыс айту күніне арналған тағылымды іс-шара өтті.

2 наурыз, 2026

Мерекелік жиынның басты мақсаты – ұстаздарға құрмет көрсету, ризашылық білдіру және оқытушы мен студент арасындағы өзара сыйластық пен рухани байланысты нығайту болды. Іс-шара барысында студенттер кафедра оқытушыларын шығармашылық өнерлерімен құттықтап, жүрекжарды лебіздері мен шынайы алғыстарын білдірді. Әсем әндер шырқалып, жылы тілектер айтылып, ерекше көңіл күй сыйлаған әсерлі сәттерге толы болды.

Факультет алаңында арнайы «Тілек бұрышы» ұйымдастырылып, студенттер мен оқытушылар ізгі ниеттері мен алғыс сөздерін жазып қалдырды. Бұл бұрыш мерекенің символдық алаңына айналып, білім мен тәрбие жолындағы өзара құрметтің айқын көрінісін танытты.

Алғыс айту күні – тек мерекелік шара ғана емес, адамгершілік құндылықтарды дәріптейтін маңызды күн. Осындай іс-шаралар ұжымдық бірлікті арттырып, факультеттегі достық пен ынтымақтастық атмосферасын нығайта түседі.

Факультет ұжымы барша оқытушыларға адал еңбегі, кәсіби біліктілігі және жас ұрпаққа сапалы білім мен тәлім-тәрбие берудегі табандылығы үшін алғыс білдіреді.