СДУ-дың 2 курс магистранттары ҚазҰУ музейіне келдіFarabi University
Референдум 15 марта

СДУ-дың 2 курс магистранттары ҚазҰУ музейіне келді

3 наурыз, 2026

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті музейіне Сулейман Демирель университетінің 2 курс магистранттары келді.

Қонақтар университеттің тарихымен, ғылыми жетістіктерімен және заманауи даму бағыттарымен танысты. Әсіресе университеттегі жаңа технологиялар, Farabi Hub инновациялық орталығы және суперкомпьютердің мүмкіндіктері магистранттардың ерекше қызығушылығын тудырды.

Кездесу мазмұнды әрі кәсіби деңгейде өтті.