Филология факультетінің бакалавр студенттері ҚазҰУ музейіне келдіFarabi University
Референдум 15 марта

Филология факультетінің бакалавр студенттері ҚазҰУ музейіне келді

4 наурыз, 2026

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті музейіне филология факультетінің бакалавр студенттері экскурсия жасады.

Студенттер университеттің қалыптасу тарихымен, даму кезеңдерімен және ғылым мен білім саласына үлес қосқан көрнекті тұлғалардың еңбектерімен танысты. Әсіресе филология факультетінің ҚазҰУ тарихындағы маңызы ерекше атап өтілді.

Бұл факультет тіл білімі, әдебиеттану және мәдениет салаларында жоғары білікті мамандар даярлап, елдің рухани дамуына елеулі үлес қосып келеді.