Қоршаған ортаның қалдықтармен ластануы: өзекті мәселелер және білім беру шешімдеріFarabi University
Референдум 15 марта

Қоршаған ортаның қалдықтармен ластануы: өзекті мәселелер және білім беру шешімдері

3 наурыз, 2026

География және табиғатты пайдалану факультетінің Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасы IХалықаралық қысқы онлайн-мектебін – «Қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау және кәдеге жарату» бағдарламасын табысты жүзеге асыруда. Аталған іс-шара Халықаралық қалдықсыз өндіріс күніне орай ұйымдастырылған.

03.03.2026 ж. Қысқы мектептің бесінші күні аясында аға оқытушы Зубова О.А. «Топырақтың, судың және атмосфераның қалдықтармен ластануы» тақырыбында дәріс өткізді.

Дәріс барысында Қазақстан Республикасы аумағында қатты тұрмыстық қалдықтардың жиналуына қатысты өзекті мәселелер, олардың морфологиялық құрамы, сондай-ақ полигондардан ластаушы заттардың топыраққа, су нысандарына және атмосфераға таралу тетіктері жан-жақты қарастырылды. Ластаушы заттардың халық денсаулығына тигізетін кері әсерін бағалауға ерекше назар аударылды. Дәрістің жеке бөлімі табиғи ортаның пластик қалдықтармен ластануы мәселесіне және оның теріс әсерін азайтудың заманауи тәсілдеріне арналды. Ұсынылған материалдар ЦУР 12. «Жауапты тұтыну және өндіріс» жәнеЦУР 4. «Сапалы білім беру» мақсаттарын ескере отырып құрылды. Дәріс тыңдаушылар тарапынан үлкен қызығушылық тудырды. Дәріс аяқталғаннан кейін қатысушылар курс бағдарламасы аясында алдын ала берілген өзіндік жұмыстарды орындауға кірісті.

 

#ҚысқыМектеп #UNESCO #ТұрақтыДаму #ЦУР12 #ЦУР4 #ҚалдықтардыБасқару #Экология #Kazakhstan