Ғылымның тұрақты дамуындағы әйелдердің рөлі: ҚазҰУ-де ТДМ 5 аясында онлайн-семинар өттіFarabi University
Референдум 15 марта

Ғылымның тұрақты дамуындағы әйелдердің рөлі: ҚазҰУ-де ТДМ 5 аясында онлайн-семинар өтті

3 наурыз, 2026

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттықуниверситетінің География және табиғаттыпайдалану факультетінде «Экология» (8D05207)(kaznu.kz) мамандығының бірінші курс докторанттарының педагогикалық практикасыаясында «Ғылымның тұрақты дамуындағыәйелдердің рөлі: ТДМ 5 – Гендерлік теңдік» тақырыбында онлайн-семинар өтті. Іс-шара араласформатта (офлайн / онлайн) ұйымдастырылып, тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасыныңпрофессор-оқытушылар құрамы, ғалымдар, докторанттар, магистранттар мен студенттердібіріктірді.

Пленарлық сессия әйелдердің ғылымизерттеулердегі рөлін, ғылымды цифрландыруүдерістерін және тұрақты болашақтықалыптастыру мәселелерін талқылайтын маңыздыакадемиялық алаңға айналды. Семинар педагогикалық практика жетекшісі – техника ғылымдарының кандидаты, тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының доценті Құтжан АсқанНұртайқызы жетекшілігімен докторанттартарапынан ұйымдастырылды.  

Іс-шараны ашу барысында ұйымдастырушыларБҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыруаясында, әсіресе гендерлік теңдікті қамтамасызетуге және әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейтугебағытталған ТДМ 5 маңыздылығын атап өтті. Тұрақты даму әйелдердің ғылымда, инновациядажәне стратегиялық шешім қабылдауда теңқатысуынсыз мүмкін еместігі айтылды. Ғылымиқызметтің цифрлануы жағдайында гендерліктеңгерім мәселесі ерекше мәнге ие.

Пленарлық сессия аясында «Экология» мамандығының бірінші курс докторанттарыАхметжанова Диана, Қобланова Асель, ЖұмажановАрман, Шаймаханова Асем, Elnur Arifzade жәнеСадвакасов Ерлан баяндама жасады. Әрбір спикер тақырыптың жеке аспектісін ашып көрсетті.

Баяндамаларда гендерлік теңдік ғылыми жәнетұрақты дамудың қозғаушы күші ретіндеқарастырылып, халықаралық және ұлттық үрдістерталданды, сондай-ақ Қазақстандағы ғылымиортадағы гендерлік теңгерім мәселелері қозғалды. Әйелдердің ғылыми мансабындағы кедергілер, «шыны төбе» құбылысы, гранттар мен қаржыландыруға қолжетімділік және гендерлікстереотиптердің ықпалына ерекше назараударылды.  

Әйел-ғалымдардың экологиялық зерттеулермен тұрақты дамуға қосқан үлесіне арналғанбаяндамалар қатысушылардың ерекшеқызығушылығын тудырды. Экология, қоршағанортаны қорғау және климаттық зерттеулерсаласындағы нақты жобалар мысал ретіндеұсынылды.

Сонымен қатар, ғылымды цифрландыру жәнеәйелдер үшін жаңа мүмкіндіктер мәселесіталқыланды. IT-платформалардың, цифрлыққұралдардың, қашықтан жұмыс істеудің жәнехалықаралық онлайн-жобалардың маңызы атапөтілді. STEM-бағыттарды дамыту және цифрлыққұзыреттерді жетілдіру заманауи ғылыми ортадағыкәсіби өсудің негізгі факторы екені айтылды.

Пленарлық сессияның қорытынды бөлігіндеғылымдағы әйелдерді қолдаудыңинституционалдық тетіктері, университеттер мен үкіметтік емес ұйымдардың рөлі, сондай-ақгендерлік бағдарланған ғылыми саясатты енгізуқажеттілігі қарастырылды.  

Іс-шараға тұрақты даму бойынша ЮНЕСКОкафедрасының меңгерушісі, профессор БазарбаеваТ. А., профессор-оқытушылар құрамы, ғылымиқызметкерлер және факультет білім алушыларықатысты. Педагогикалық тәжірибе бойынша өтілгенаталмыш іс-шара бойынша кафедра ОПҚ-ныңтарапынан оң пікір мен жоғары баға берілді.

Жалпы пікірталас барысында қатысушыларSTEM-бағыттарында әйелдердің қатысуын кеңейту, цифрлық дағдыларды дамыту жәнеинституционалдық қолдауды күшейту мәселелерінталқылады.

Семинардың бірінші бөлігініңқорытындысында қатысушылар ғылымдағыгендерлік теңдік тек әлеуметтік басымдық қанаемес, сонымен қатар тұрақты әрі инновациялықдамудың стратегиялық шарты екенін атап өтті. Өткізілген іс-шара академиялық диалогтыңдамуына елеулі үлес қосып, әл-Фараби атындағыҚазҰУ-дың теңдік, тұрақтылық және ғылымипрогресс қағидаттарын ілгерілетуге дегенұмтылысын растады