«ӘЛ-ФАРАБИ МҰРАСЫ ЖӘНЕ ЖАҺАНДЫҚ ӨРКЕНИЕТ: ФИЛОСОФИЯ, ҒЫЛЫМ, РУХАНИЯТ ТОҒЫСЫ» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция Алматы, 9-11 сәуір 2026 ж.Farabi University
Референдум 15 марта

«ӘЛ-ФАРАБИ МҰРАСЫ ЖӘНЕ ЖАҺАНДЫҚ ӨРКЕНИЕТ: ФИЛОСОФИЯ, ҒЫЛЫМ, РУХАНИЯТ ТОҒЫСЫ» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция Алматы, 9-11 сәуір 2026 ж.

5 наурыз, 2026

           

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

V ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФАРАБИ ФОРУМЫ

 

 АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

 

Құрметті әріптестер!

 

2026 жылдың 9-11 сәуір күндері әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті                         V ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФАРАБИ ФОРУМЫ аясында «ӘЛ-ФАРАБИ МҰРАСЫ ЖӘНЕ ЖАҺАНДЫҚ ӨРКЕНИЕТ: ФИЛОСОФИЯ, ҒЫЛЫМ, РУХАНИЯТ ТОҒЫСЫ» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.

Әлемдік ғылым мен мәдениет тарихында, әсіресе Шығыс өркениеті, Орталық Азия және Қазақстан мәдениеті контексінде ұлы ойшыл, философ-энциклопедист Әбу Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Тархан ибн Ұзлағ әл-Фараби ат-Түркидің (870-950) орны айрықша мәнге ие.

Халықаралық Фараби форумының басты мақсаты – әл-Фарабидің мол рухани және ғылыми мұрасы негізінде қазіргі қоғам дамуының тарихи, философиялық әрі рухани тұғырларын пайымдау, ғұлама еңбектерін зерттеп жүрген отандық және шетелдік ғалымдардың ғылыми байланысын нығайту, сондай-ақ әлемдік деңгейдегі зерттеушілер арасында жаңа сұхбат пен серіктестік кеңістігін қалыптастыру.

Форум аясында ғылым мен білімнің өзара ықпалдастығы, заманауи қоғамның рухани-адамгершілік құндылықтарын жетілдіру, тұлғалық мәдениетті дамыту мәселелері кеңінен талқыланады. Секция отырыстарында әл-Фараби мұрасы мен фарабитану саласының өзекті бағыттары, түркі ойшылдарының еңбектеріндегі ізгі адам тұжырымдамасы және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың маңызды мәселелері қарастырылады. Сонымен қатар, форум барысында әл-Фараби философиясы мен қазақ халқының рухани мұрасы сараланып, руханиятты танудың түрлі дискурстық қырлары айқындалады.

 

Халықаралық конференциясының негізгі бағыттары:

 

·                    Әл-Фарабидің ғылыми-философиялық жүйесі және қазіргі гуманитарлық ой

·                    Қазіргі әлем контексіндегі әл-Фараби саяси философиясы: билік, парасат және әділеттілік

·                    «Инсан камиль» және болашақ: табиғи мен жасандының мүмкіндіктері

·                    Цифрлық қоғамдағы этикалық ізгіліктер: бақыт ұғымының виртуалдануы

·                    Әл-Фарабидің ғылыми мұрасын цифрлық трансформациялау және аударма қызметіндегі заманауи технологиялар

 

 

Форум аясында келесі пікірталас алаңдары мен байқаулар жұмыс істейді:

 

I Пікірталас алаңы. «Шығыс пен Батыс мәдениетінің диалогы: Қазақ даласы ғұламаларының арабтілді мұрасы» халықаралық дөңгелек үстел

II Пікірталас алаңы. «Фараби энциклопедизмі және заманауи ғылыми интеграция»

III Пікірталас алаңы. «Әл-Фараби және қазіргі заман: философия мен ғылымның жаңа парадигмалары»

IV Пікірталас алаңы. «Қазақстанның адами капиталын қалыптастыру детерминанттары: білім мен мәдениеттің рөлін талдаудағы пәнаралық тәсілдер» Республикалық дөңгелек үстел

V Пікірталас алаңы. «Теологиялық дерадикализация мен әлеуметтік реинтеграция: дінтанулық дискурс»

VI Пікірталас алаңы. «Қазіргі заманғы психологиялық ғылым: парадигмалар, зерттеулер, практика»

VII Пікірталас алаңы. «Әлеуметтанулық өлшемдегі қоғам: Тұрақты даму мақсаттарын іске асырудағы сын-қатерлер»

VIII Пікірталас алаңы. «Іс-әрекеттегі әлеуметтік жұмыс: теориядан практикалық іске асыруға»

IX Пікірталас алаңы. «Ақпараттық желілер дәуіріндегі саяси ғылым: тұжырымдамалар мен әдіснамалық тәсілдердің трансформациялануы»

X Пікірталас алаңы. «Әл-Фарабидің педагогикалық мұрасы: ақыл, парасат, жасанды интеллект тоғысы»

 

I «Цифрлық дәуірдегі адам болмысы: философиялық талдау» философиялық эссе байқауы

II «Қазақ философиясындағы ұлттық болмыс және рухани құндылықтар» бейнероликтер байқауы

 

Конференция жұмысына қатысу үшін ұсынылған форма бойынша өтініш пен мақала мәтінін жіберулеріңізді сұраймыз.

 

ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАР: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, философия және саясаттану факультетінің философия кафедрасы, дінтану және мәдениеттану кафедрасы, саясаттану және саяси технологиялар кафедрасы, әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасы,  педагогика және білім беру менеджменті кафедрасы, жалпы және қолданбалы психология кафедрасы, әл-Фараби орталығы, Түрік халықтары Философия қоғамының Қазақ комитеті.

КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ ЖҰМЫС ТІЛДЕРІ: қазақ, орыс, ағылшын тілдері.

ӨТКІЗУ ФОРМАСЫ: аралас (Zoom трансляциясымен онлайн, офлайн форматта)

КОНФЕРЕНЦИЯ ИДЕНТИФИКАТОРЫ: 845 0168 5351

КІРУ КОДЫ: 088995

КҮНІ МЕН УАҚЫТЫ: 2026 жылдың 9-11 сәуірі

ӨТКІЗІЛЕТІН ОРНЫ: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, әл-Фараби Ғылыми кітапханасы, Алматы қ., әл-Фараби даңғ. 71/27, 409 зал.

 

БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ:

Әл-Фараби орталығының директоры, саяси ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор – П.М. Сүлейменов (+7 707 834 66 21),

Әл-Фараби орталығының ғылыми қызметкері, философия ғылымдарының кандидаты – Н.Х. Жолмұхамедова (+7 707 454 94 45)

Электронды адрес: centeralfarabi2025@gmail.com

Тел.: +7 (727) 377-33-33 (1397).

 

Ақпараттық хат ФФ 2026