Әдебиеттану – халықаралық мүмкіндікке бастайтын қадамFarabi University

Әдебиеттану – халықаралық мүмкіндікке бастайтын қадам

14 ақпан, 2026

Әл-Фараби атын­дағы ҚазҰУ-дың филология факульте­тін­де оқытылып жат­қан «Әдебиет­тану» білім беру бағдар­ла­ма­сы – шы­ғарма­шы­лық ой­­лауға бейім, гума­нитарлық ғылым­дарға қызығушылығы жоғары талапкер­лер­дің тұрақты таңдауы­на айналған маман­дық­тардың бірі. Жыл сайын аталған бағ­дар­ламаға әдебиет­ке жақын, ізденімпаз әрі талантты жастар қабылданып, кәсіби және ғылыми тұрғы­дан жан-жақты дамуға мүмкіндік алады.

Бағдарламаның сапалы білім берумен қатар, сту­дент­терге халықаралық ака­­демиялық тәжірибе ұсы­нуы – басты артықшы­лық­та­рының бірі. Соның айқын дәлелі ретінде «Әдебиет­тану» білім беру бағдар­ла­масының 3-курс студенттері Балнұр Бекқұлы, Ұлназ Дер­біс, Аяулым Нұрғали, Аяу­лым Қайырова Орхун академиялық алмасу бағ­дар­ламасы бойынша ірік­теу­ден өтіп, 2025-26 оқу жылының күзгі семестрін Түркияның Каппадокия уни­вер­ситеті базасында та­быс­ты оқып келуін айта ала­мыз.

Семестр барысында сту­­денттер түрік әде­бие­ті­нің негізгі кезеңдері мен түр­кі халықтары әдебиетін қам­титын пәндерді мең­гер­ді. Атап айтқанда XVI ға­сыр­дағы классикалық түрік әде­биетінің тарихы, сыни ойлау және әдебиет тео­рия­сы, Орта Азия халықтарының әдебиеті оқытылды. Со­ны­мен қатар әдебиет пен тіл білімінің өзара байланысын терең түсінуге бағытталған лингвистикалық пәндер де қамтылды.

Семестр барысында сту­денттер тек ауди­ториялық біліммен шектелмей, ха­лық­аралық ғылыми-мәдени іс-шараларға да белсене қатысты. Атап айтқанда Кап­падокия университеті тарапынан ұйым­дас­ты­рыл­ған «Әдебиет апталығы» ая­сында Қазақстан атынан ха­лықаралық конфе­ренц­ия­ға қатысып, отандық әде­биеттану мектебін лайықты дең­гейде таныстырды. Сон­дай-ақ «Халықаралық жыр» ап­талығы аясындағы мә­де­ни шаралар студенттердің көркем мәтінді қабылдау көкжиегін кеңейтіп, түркі халықтарының ортақ әдеби мұрасын тереңірек тануына жол ашты.

Осындай академиялық ұтқырлық тәжірибе «Әде­биет­тану» білім беру бағ­дар­ламасының бәсекеге қа­білеттілігін, халықаралық талаптарға сай екенін ай­қын көрсетеді. Шетелдік уни­верситет қабырғасында жи­нақталған білім мен тә­жірибе студенттердің кәсі­би құзыреттілігін кеңейтіп, бо­лашақ ғылыми-зерттеу және педагогикалық өрісі­нің берік негізін қалады. Әде­биеттану – тек ма­ман­дық қана емес, ұлттық мә­дениетті әлемдік кеңістікке танытатын, болашағы зор кәсіби бағыт.

Гүлназ ДАУТОВА,

Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы

кафедрасының

доценті м.а.