- Басты бет
- Жаңалықтар
- Академиялық басқару және білім беру сапасы: басшылар мен оқытушыларға арналған интенсив
Академиялық басқару және білім беру сапасы: басшылар мен оқытушыларға арналған интенсив
2026 жылғы 5 наурызда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ PROFESSIONAL WEEK - 2026 аясында 2026 жылғы 3-6 наурыз аралығында өткен «Академиялық басқару және білім беру сапасы: басшылар мен оқытушыларға арналған интенсив» атты эксперттік стратегиялық сессияның қорытындылары негізінде заң факультетінің кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасы профессор-оқытушылар құрамына арналған факультетішілік эксперттік стратегиялық сессия өткізді.
Осыған орай, кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасы «Пәнді редизайн жасауда ChatGPT, Copilot және басқа да AI құралдарын қолдану» тақырыбында факультетішілік эксперттік стратегиялық сессия өткізді.
Сессияны кафедра меңгерушісі, заң ғылымдарының докторы, профессор Г.А. Куаналиева ашып, қатысушыларды аталған іс-шараның мақсат-міндеттерімен таныстырды.
Сессияның негізгі мақсаты - білім беру процесін жаңғырту, пәндердің мазмұнын қайта құрастыру (редизайн) арқылы оқу үдерісінің тиімділігін арттыру, сондай-ақ оқу нәтижелерін, силлабустар мен бағалау тапсырмаларын әзірлеуде жасанды интеллект құралдарын тиімді қолдану тәжірибесімен бөлісу болып табылады.
Сессия барысында келесі бағыттар бойынша мәселелер қарастырылды:
- пәндерді редизайн жасау әдістемесі;
- ChatGPT, Copilot және басқа да жасанды интеллект құралдарын оқу
процесіне енгізу мүмкіндіктері;
- силлабустарды, оқу нәтижелерін және бағалау тапсырмаларын
әзірлеудің заманауи тәсілдері;
- білім беру сапасын арттыруға бағытталған практикалық кейстер.
Аталған бағыттар аясында кафедраның профессор-оқытушылар құрамы: А.А. Есекеева, Г.К. Рашева, Г.Т. Айгаринова, А.А. Кудайбергенов, І.Б. Шапкатова мазмұнды баяндамалар жасап, стратегиялық сессия барысында алған тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар, қатысушылар жасанды интеллект құралдарын білім беру процесінде қолданудың тиімді жолдарын талқылады.
Өткізілген сессия профессор-оқытушылар құрамының кәсіби құзыреттілігін арттыруға, заманауи цифрлық технологияларды білім беру үдерісіне тиімді енгізуге, сондай-ақ факультеттегі білім беру сапасын одан әрі жетілдіруге бағытталды.
Басқа жаңалықтар