БІЛІМ БЕРУ САПАСЫН АРТТЫРУДЫҢ ЗАМАНАУИ ТӘСІЛДЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫFarabi University

БІЛІМ БЕРУ САПАСЫН АРТТЫРУДЫҢ ЗАМАНАУИ ТӘСІЛДЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

5 наурыз, 2026

2026 жылдың 3-6 наурыз аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Академиялық мәселелер жөніндегі департаменті университет факультеттерінің басшылары мен оқытушы-профессорлық құрамына  «Академиялық басқару және білім беру сапасы: жетекшілер мен оқытушылар үшін қарқындылық» сараптамалық стратегиялық сессиясын ұйымдастырды.

 

Сессияға Шығыстану факультетінің оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі декан орынбасарлары мен кафедра меңгерушілерінің орынбасарлары, кафедра меңгерушілері мен ОПҚ қатысты.

Сараптамалық стратегиялық сессиясында «Үдерістерді жүйелеу: оқу қызметіндегі процесс-менеджмент» «Дуальды оқыту мен микробіліктілікті енгізу: кафедра меңгерушілеріне арналған практикум», Университет стратегиясы және рейтинг бойынша көрсеткіштер:кафедраның жауапкершілігі қандай?», «Оқыту этикасы және қақтығыстарды басқару» тақырыптары талқыланды.

Шығыстану факультеті Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы басшылығы және ОПҚ осы аталған сараптамалық сессия шеберінде меңгерген білімдері негізінде кафедраның өзге оқытушы-профессорлар құрамына арнайы стратегиялық сараптамалық семинар ұйымдастырды.

Әдістемелік семинарды кафедра меңгерушісі Жиекбаева А.Б. «Микробіліктілікті енгізу процесі» туралы баяндама жасап, микробіліктілік әдісін ЖОО және үздіксіз білім беру процесіне енгізудің әлемдік практикасына тоқталды.

 «SciVal платформасында кафедра деңгейінде аналитикалық топ құру және талдау» әдісі бойынша кафедраның ғылыми-инновациялық және халықаралық мәселелер бойынша кафедра меңгерушісінің орынбасары Жумажанова Ф.Т., аға оқытушы Қайранбаев Н.С. баяндама жасап, SciVal платформасында жұмыс жасаудың қыр-сырымен таныстырып, оқытушы-профессорлардың ғылыми жариялымдардың санын арттыруға белсенді болуға шақырды.

Оқу процесін тиімді ұйымдастыруда «Пәндерді қайта есептеу (аттестаттау) және басқа ЖОО-дан ауысып келген студенттерді оқуға қабылдау үдерісін жүзеге асырудың» ережелерімен кафедраның оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі кафедра меңгерушісінің орынбасарлары Боранбаева А.Ж., Жарбосынова Н. таныстырды. Басқа оқу орнынан ауысып келген білім алушылардың Шығыстану факультетінде мамандықты таңдаудың маңыздылығын атап өтті.

Семинарда «Оқу сапасын арттыруда GenAI құралдарын тиімді қолдану» мәселесі де көтерілді. Аға оқытушы Бокулева Б.С. кафедра   оқытушы профессорлар құрамын білім беруде GenAI құралдарын қолданудың әдіс-тәсілдерімен бөлісті.

Семинарға кафедраның барлық оқытушы-профессорлар құрамы қатысты.