8 наурыз халықаралық әйелдер күні
8 Наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының оқытушылары кураторлық сағаттар өткізуде. еафедра оқытушылары А.Қ.Ахмедова, Е.Р.Игнатова, Т.В.Құрманова, Д.С.Толмачева шетелдік студенттерге Ұлы Отан соғысының қаһарман қатысушылары туралы қазақ әйелдері туралы айтып берді. Көрсетілген презентациядан тыңдаушылар Қазақстанның мақтанышы болып табылатын Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Хиуаз Доспанова, Баян Байғожина, Жамал Байтасова, Құлкен Тоқбергенова, Құлжаміл Талқанбаева, Жәмила Бейсенбаева және басқа да көптегенеліміздің мақтанышы болып табылатын әйелдердің фашизмді жеңуге қандай үлес қосқаны туралы білді.5 мыңнан астам әйел елімізден соғысқа аттанды.Тәлімгерлер дайындаған ақпарат шетелдікстуденттерге қатты әсер етті.
Басқа жаңалықтар