GenAI құралдарын ОӘК құрастыруда пайдалану мүмкіндіктері және оқыту этикасы тақырыбында мастер-класс өттіFarabi University
Референдум 15 марта

GenAI құралдарын ОӘК құрастыруда пайдалану мүмкіндіктері және оқыту этикасы тақырыбында мастер-класс өтті

5 наурыз, 2026

2025 жылғы 5 наурызда География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасында «GenAI құралдарын оқу-әдістемелік кешендерді (ОӘК) әзірлеуде пайдалану мүмкіндіктері және оқыту этикасы» тақырыбында мастер-класс өтті.


Іс-шара барысында білім беру үдерісінде генеративті жасанды интеллект мүмкіндіктері қарастырылды. Қатысушылар GenAI құралдарын оқу-әдістемелік материалдарды дайындау, білім беру контентін әзірлеу және оқу үдерісін ұйымдастыру барысында қолданудың тәжірибелік мысалдарымен танысты. Gen AI-дың мүмкіндіктері таныстырылып, сапалы контент қалыптыстыра отырып, уақытты тиімді пайдалану жолдары қарастырылды. Сонымен қатар жасанды интеллект технологияларын пайдаланудағы академиялық адалдық пен оқыту этикасының өзекті мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Мастер-класс спикері Ө.Ж. Сағымбай GenAI құралдарын оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеуде қолдану бойынша тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар Gen AI құралдары оқу-әдістемелік кешенді дайындауды жеңілдететін, бірақ соңғы Академиялық жауапкершілік оқытушыда екендігі айтылды.

Іс-шара 5 наурыз 2025 жылы сағат 14:00-де, 102 аудиторияда өтті. Мастер-классты география, жерге орналастыру және кадастр кафедрасы ұйымдастырды.