Satbayev University студенттері үшін “Ұлттық құрылтайдан Конституциялық құрылтайға” тақырыбында салтанатты жиын өттіFarabi University
Референдум 15 марта

Satbayev University студенттері үшін “Ұлттық құрылтайдан Конституциялық құрылтайға” тақырыбында салтанатты жиын өтті

5 наурыз, 2026

2026 жылдың 5 наурызында Satbayev University студенттері үшін елдегі саяси жаңғыру үдерістерін түсіндіруге бағытталған Конституциялық реформаларды түсіндіру мақсатында “Ұлттық құрылтайдан Конституциялық құрылтайға” тақырыбында салтанатты жиын өтті. Іс-шараның мақсаты - БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарының 16-бағыты – бейбітшілік, әділеттілік және тиімді институттарды қалыптастыру мәселелері, сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтай барысында көтерген конституциялық реформалардың мәні мен маңызын талқылау.
Іс шара барысында әл‑Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының өкілдері - кафедра меңгерушісінің ғылыми-зерттеу және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары, философия (PhD) докторы Гүлнұр Қойшынқызы Рашева референдум институтының қоғам өміріндегі орны мен маңызын атап өтсе, кафедра меңгерушісінің оқу, әдістемелік және тәрбие жөніндегі орынбасары Айнаш Акимсаловна Есекеева азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың конституциялық тетіктеріне кеңінен тоқталды.
Сонымен қатар студенттер мен қатысушылар арасында пікір алмасу ұйымдастырылып, конституциялық реформалардың қоғам дамуына ықпалы жөнінде ой-пікірлер ортаға салынды.