ТДМ 4 аясында сапалы білім берудегі жасанды интеллекттің әлеуетіFarabi University

ТДМ 4 аясында сапалы білім берудегі жасанды интеллекттің әлеуеті

6 наурыз, 2026

2026 жылғы 3–6 наурыз аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Академиялық мәселелер жөніндегі департаменті ұйымдастырған академиялық басқару және білім беру сапасы мәселелері жөніндегі сараптамалық стратегиялық сессияға ТДМ 4 «сапалы білім беруді қамтамасыз етудегі жасанды интеллект мүмкіндіктері» аясында кафедра оқытушылары Нурманова Б.З., Андабаева Г.К., Иляшова Г.К., Сарсенова А.Ж. және Мурабилдаева Р.А қатысты. Сессия барысында генеративті жасанды интеллект құралдарын білім беру үдерісінде тиімді пайдалану мүмкіндіктері туралы маңызды ақпараттармен таныстырылды. Әсіресе, жасанды интеллекттің пәндерді жобалау, оқу нәтижелерін нақтылау, бағалау критерийлерін әзірлеу және білім сапасын арттыру бағытындағы мүмкіндіктері жан-жақты түсіндірілді.

Стратегиялық сессия барысында меңгерілген жаңа мәліметтер мен тәжірибені кейін кафедра оқытушыларымен Zoom платформасы арқылы бөлісті. Кездесу барысында жасанды интеллект құралдарын оқу-әдістемелік және академиялық қызметте қолданудың тиімді жолдары талқыланып, әріптестермен өзара пікір алмасу жүргізілді.

Бұл тәжірибе кафедраның оқу үдерісін жетілдіруге, заманауи цифрлық мүмкіндіктерді тиімді пайдалануға және білім беру сапасын арттыруға ықпал етеді.

https://drive.google.com/file/d/1G1LUEApGpgXibyplnaH5z1vNbVgeqAKR/view?usp=sharing

Экономика кафедрасы