Микроквалификация бағдарламаларын енгізу туралы семинарFarabi University
Референдум 15 марта

Микроквалификация бағдарламаларын енгізу туралы семинар

5 наурыз, 2026

2026 жылдың 5 наурызында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің География және табиғатты пайдалану факультетінде Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының меңгерушісі, география ғылымдарының кандидаты, профессор Базарбаева Турсынкул Аманкельдиевна оқытушыларға арналған әдістемелік семинар өткізді.

Семинардың негізгі мақсаты – жоғары білім беру жүйесінде заманауи білім беру тәсілдерін дамыту, соның ішінде микроквалификация бағдарламаларын енгізу арқылы білім алушылардың кәсіби құзыреттерін арттыру мәселелерін талқылау болды. Бұл бастама Тұрақты даму мақсаттарының 4-мақсаты – сапалы білім беруді қамтамасыз ету және өмір бойы білім алу мүмкіндіктерін кеңейту қағидаттарымен тікелей байланысты. 



Іс-шара барысында микроквалификация бағдарламаларының мәні, олардың жоғары білім беру жүйесіндегі орны, еңбек нарығы талаптарына бейімделуі және білім беру бағдарламаларымен интеграциялану жолдары кеңінен қарастырылды. Сонымен қатар университет пен түрлі ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты дамыту, білім беру мен ғылым саласындағы әріптестікті нығайту мәселелері талқыланды. Бұл бағыттар Тұрақты даму мақсаттарының 17-мақсаты – тұрақты даму үшін серіктестікті дамыту қағидаттарын жүзеге асыруға ықпал етеді.



Семинарға факультет оқытушылары мен зерттеушілер қатысып, микроквалификация бағдарламаларын әзірлеу, оқу нәтижелерін бағалау және оларды білім беру процесіне енгізудің тиімді жолдары жөнінде пікір алмасты. Қатысушылар білім беру жүйесін жаңғырту, университеттер мен серіктес ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты дамыту және білім сапасын арттыру бағытында тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды.

Семинар нәтижесінде білім беру бағдарламаларын жетілдіру, халықаралық тәжірибені енгізу және тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыру бағытындағы жұмыстарды одан әрі дамыту қажеттілігі атап өтілді.