Сенім мен ғылымның түйіскен тұсыFarabi University

Сенім мен ғылымның түйіскен тұсы

20 ақпан, 2026

 

2026 жылғы 20 ақпан күні ҚазҰУ-де «Дін және медицина» тақырыбында іс-шара өткізілді. Іс-шара Тұрақты Даму Мақсаттарының (ТДМ) 3 - «Жақсы денсаулық және әл-ауқат» және ТДМ 4 «Сапалы білім» аясында дінтану мамандығының 3 курс студенттерімен бірге ұйымдастырылды.

Шараның мақсаты – дін мен медицинаның түйіскен тұстарын қарастыра отырып, адамның діни сенімі мен медициналық шешім арасындағы қатынасты талдау, студенттердің сыни ойлау қабілеті мен кәсіби көзқарасын дамыту болды.

Іс-шара барысында қатысушылар діни негізде медициналық көмектен бас тартылған нақты кейстерді талқылап, дін бостандығы мен адамның өмір сүру құқығы арасындағы тепе-теңдік мәселесін қарастырды.

Пікірталас нәтижесінде студенттер дін мен медицинаның өзара ықпалына этикалық және құқықтық тұрғыдан баға беріп, өзекті сұрақтар негізінде ой бөлісті.

Іс-шара жоғары деңгейде өтті, студенттер белсенді қатысып, өз пікірлерін дәлелдермен жеткізе білді.

Ұйымдастырушылар: PhD, аға оқытушы Утебаева Д.С., профессор м.а., филология ғылымдарының кандидаты Балтымова М.Р., дінтану мамандығының 2 курс магистранты Аманжолова А.Н.