АЛДЫН АЛА ҚОРҒАУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ
2026 жылдың 11 наурыз сағат 10:00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің картография және геоинформатика кафедрасының кеңейтілген отырысы өтеді. Күн тәртібінде Кудайбергенов Муратбек Касимбековичтың «6D071100 - Геодезия» білім беру бағдарламасы бойынша философия ғылымдарының докторы (Ph.D.) дәрежесін алу үшін «Гравитациялық үдерістердің қауіптілік деңгейі бойынша аумақты геоэкологиялық аудандастырудың геодезиялық негіздемесі» тақырыбындағы докторлық диссертациясының алдын ала қорғауы гибридті формада өтеді.
Диссертация картография және геоинформатика кафедрасында орындалған.
Ғылыми жетекшілер:
Отандық ғылыми кеңесші: т.ғ.д., профессор Х.М. Касымканова.
Шетелдік ғылыми кеңесші: Нью-Йорк мемлекеттік университетінің профессоры Сэмуел Б. Мукаса (АҚШ)
Рецензенттер:
Пентаев Т.П. – т.ғ.д., ҚазҰАЗУ жер ресурстары және кадастр кафедрасының профессоры (Алматы, Қазақстан).
Орынгожин Е.С – т.ғ.д., Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ картография және геоинформатика кафедрасының профессоры (Алматы, Қазақстан).
Өтетін орны: 225 конференц залы/онлайн, география және табиғатты пайдалану факультеті.
https://us02web.zoom.us/launch/edl?muid=124caeeb-55a8-4080-a14a-876a7bbba49b
Идентификатор конференции: 843 6191 7622
Код доступа: 434621
Басқа жаңалықтар